«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 47 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8585 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде №194 (28133) санында 2013 жылғы 21 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасы:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: